Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 11 просмотров

Алғашқы лек әскерге аттанды

Елімізде күзгі әскерге шақырылған сарбаздардың алғашқы легі борышын өтеуге аттанды. Қорғаныс министрлігі мен жиын пунктінің офицерлері сайдың тасындай іріктелген жігіттерді барлық сән-салтанатпен шығарып салды. Биыл бір ғана Астананың өзінен Қарулы күштер қатарына 1400 азамат алынады екен. Ал комиссиядан сүрінбей өткен жігіттер ең алдымен Мемлекеттік күзет пен Шекара қызметіне жіберіледі. Шақырылым сарбаздарын аттандыру кешіне көпті көрген Қарулы күштердің ардагерлері мен жауынгерлердің ата-аналары арнайы келді. Ал жастарды алда қызығы мен шыжығы қатар жүретін әскери өмір күтіп тұр. Олар жауынгерлік дайындық пен жауапкершілігі мол сынақтан өтеді.

РУСЛАН БАЛТЕМІРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Шекара қызметіне 200 адам, Ұлттық ұланға 460 адам, мемлекеттік күзет қызметіне 40-қа жуық адам. Қалғаны Қорғаныс саласына кететін болады. Былтырғы жылы 200 бала Шекара қызметіне алынған болса, солардың бүгінгі таңда 35 пайызы сол жерде келісімшарт бойынша қызметке қалып жатыр. Ол дегеніміз – мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек пакеті, жастарымыз бүгінгі таңда Қарулы күштердің қатарын толықтырып жатыр.

← Все новости