Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 12 просмотров

Жұптары жазылмаған жандарға құрмет көрсетті

«Күміс той», «Алтын той», «Гауһар той» дегенді естіп жүрміз. Ал «Інжу той», «Лағыл тойды» білесіз бе? Бір шаңырақ астында 30, 40 жыл тұрғандардың қуанышы бұл. Қызылордада Отбасы күні қарсаңында жас жұбайлар мен 50, 60 жыл бойы жұбы жазылмаған жанұяларға құрмет көрсетілді. Өңір басшысы Мұрат Ергешбаев жас шаңырақ иелеріне үлкендердің өнегелі өмірін үлгі етіп, отбасы құндылығының мән-маңызын айтты. Қызылорда облысында 141 мыңнан астам отбасы болса, соның 48 мыңнан астамы – көпбалалы.

ШЫНДАЛЫ ӘБДІРАМАНОВ, АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазақстандықтарға бар тілейтініміз, осындай аманшылық болсын, ең бастысы, семьяда бірлік болса, оттың басында тыныштық болса, жақсы тәрбие берілсе, балалар өсіп-өнсе, халықты көбейтсе, ең бастысы, қоғамға қызмет қылса, сол еңбектің ақталғаны. Соған барлығы атсалысу қажет.

НҰРБОЛ СЕРІКБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүгінгі шара өте ерекше өтуде. Себебі бізге үйленгенімізге бір жыл толғанымен, бұл жақта «алтын той», «күміс той», көпбалалы аналар, отбасылар, аталарымыз, аналарымыз, әкелеріміз келіп жатыр. Бізге өнегелерін беріп, ақ тілектерін беріп жатыр.

← Все новости