Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 11 просмотров

«Жұмыссыз» мәртебесін беру тәртібі өзгерді

Елімізде 1 қазаннан бастап азаматтарды жұмыспен қамтитын пилоттық жоба іске қосылады. Бұрын адам Мансап орталығына барып, «жұмыссызбын» деп өтініш берсе, оған қызмет табуға екі күн уақыт берілетін. Сол аралықта істейтін іс табылмаса, еңбекпен қамтылмаған адам ретінде тіркейтін. Ал жаңа ереже бойынша 13 күн деп бекітіліп отыр. Яғни осы уақытта жұмыс іздейсіз, мемлекет те оны табуға көмектеседі. Егер белгіленген мерзімде екі қолға бір күрек табылмаса, онда «жұмыссыз» мәртебесі беріледі. Айтпақшы, мұндай жандарға берілетін әлеуметтік төлем мерзімі де өзгереді. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап осы уақытқа дейін алты ай төленіп келген жұмыссыздың ақысы 3 айға қысқарады.

← Все новости