Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 16 просмотров

22 миллион теңгені қолды қылғандар құрықталды

Жамбылда 22 миллион теңгені жымқырған алаяқтар Алматыда қолға түсті.

Қыруар қаржыны қалтасына басқан күдіктілерді киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстапты. Олар өздерін логистикалық компанияның өкілдері ретінде таныстырып, теміржол вагондарын тасымалдаймыз деп елді алдаған. Сөйтіп, сенімге кіріп, ақшаның барын біліп, жәбірленушіні жарға жығып кетіпті. Қазір құрықталған екеуге қатысты «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталған.

ДИДАР ӨСКЕНБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ПБ КИБЕРҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы және тергеу бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтыққа қатысы бар екі күдікті Алматы қаласының аумағынан анықталды. Қазіргі таңда күдіктілер сот санкциясымен қамаққа алынды. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Жақсылық Жасұланұлы

← Все новости