Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

Жылу үшін төленген 1,2 млрд теңге қайтарылады

Кейбір қазақстандықтарға жылу үшін төлеген артық ақшалары қайтарылады. Бұл жөнінде Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады. Кері берілетін қаражаттың көлемі шамамен 1,2 млрд теңге. Оның көп бөлігі Астана мен Алматы қаласына және Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарына тиесілі болып шықты. Яғни, былтыр еліміздің барлық өңірінде қыс жылдағыдан жылы болған. Тиісінше жылу электр орталықтары нысандарды жылытуға аз энергия жұмсаған. Сондықтан үйінде жылу есептегіш құралы жоқ тұтынушыларға артық соманы қайтару туралы шешім шығарылыпты. Бірақ ақша жеке шотқа түспейді немесе қолма-қол берілмейді. Тек алдағы уақытта ай сайын төленетін жылу ақысынан шегеріліп отырады.

← Все новости