Баянауыл ұлттық табиғи паркінде шыққан өрт ақыры оқшауланды. Қазіргі уақытта мамандар ошақтарды біржолата сөндіріп, қайта тұтанбауы үшін жұмыс істеп жатыр. Олардың шапшаң әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде тілсіз жаудың басқа аумақтарға таралуына тосқауыл қойылды. Дегенмен бірнеше күн бой бермеген жалын екпінді желдің біршама жерді жалмап үлгеріпті. Таулы жер болғандықтан, құтқарушылардың оқиға орнына жетуі қиындаған. Отпен күреске екі тікұшақ, 100-ге жуық адам мен 35 техника жұмылдырылған. Төтенше жағдайлар департаменті ұйытқып соққан жел оттың қайта таралу қаупін күшейтіп отырғанын айтады. Сондықтан жағдай мамандардың тұрақты бақылауында. Жақын маңдағы елді мекендерге қауіп жоқ.