Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 5 просмотров

Шоқанның шәкірттері ант қабылдады

Қазақтың ұлы ғалымы әрі ағартушысы Шоқан Уәлиханов небәрі 30 жыл өмір сүрсе де, артынан өшпес із қалдырды.

Ұлы тұлғаның есімі берілген Ақмола облысындағы Щучинск қаласында орналасқан әскери колледждің құрылғанына да биыл 30 жыл толып отыр. Ширек ғасырдан астам уақыт бойы тәртіп пен адалдықты қатар алып жүрген білім ордасында бүгін жас сарбаздар ант қабылдады.

Мұхамедәли Манат, 3-курс кадеті:

Мен осы колледжде оқимын. Бүгін әскери ант қабылдадым және осы колледждің мерейтойын атап өттік. Мен осы колледжде оқып жатқанымды мақтан тұтамын.

Салтанатты жиынға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, аудан әкімі және сала ардагерлері қатысты. Құрмет қарауылының сүйемелдеуімен ғалымның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ жиналған көпшілік колледждің тыныс-тіршілігімен де танысуға мүмкіндік алды. Мәселен, заманауи дрондар сыныбы, байланыс пен радиоқорғаныс құралдары жан-жақты таныстырылды. Осы уақытқа дейін білім ордасының қабырғасынан 4 мыңға жуық сержант түлеп ұшқан. Бүгінде мұнда әскери даярлықтан бөлек, болашақ командирлердің көшбасшылық қабілетін дамытуға да басымдық беріліп отыр.

Айбек Габдрахов, Полковник:

Қазіргі таңда колледжде жұмыс істеп жатқан офицерлер, сержанттар, мұғалімдер бар. Солардың бәрі келіп жатқан буынға байланысты өздерінің әдістемелері мен шеберліктерін өзгертіп жатыр. Осыған дейін сабақ беру әдістері басқаша болса, қазіргі таңда әдістер басқаша. Түрлі-түрлі оқу құралдары қалыптасып жатыр.

Аяжан Қожатай

← Все новости