Алматылықтардың «бізде де LRT бар» деп астаналықтарға мақтанатын күні жақын. Алып шаһарда жерүсті метросының құрылысы қарқын алды. Бірінші желінің ұзындығы 18 шақырым екен. Бірнеше көшені бойлай өтетін пойыз 34 аялдамаға тоқтайды. Күніне 100 мың жолаушыны тасуға қауқарлы жобаның құрылысы қалай жүруде?
Мегаполистегі ең үлкен көшелердің бірі Бауыржан Момышұлында қазір астаң-кестең құрылыс. Төртжолақты жолдың қақ ортасы бөлініп, қоршалған. Арнайы техника күндіз-түні жұмыс істеуде. Қазір тұрғындарға да, жүргізушілерге де қолайсыздық тудырғанымен, келер жылы рахатын көреді екен жұрт. Өйткені кептелістен көз ашпайтын қалада арнайы жолағы, бағыты болмақ. Әзірге рельстер мен темірбетон шпалдарын төсеу жұмыстары басталды.
МАҚСАТ ӘССАНДИ, ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:
Верхние строение дегеніміз бірінші жерін жасап, толықтай дайындап, содан кейін құмын төсеп, 25-60 тасын төсеп, содан кейін шпалдарын төсеу жұмыстары жасалып жатыр. Шпалдарды төсеп болған соң рельстерді жинау жұмыстары жалғасады. Ең бастысы, біздегі шпал материалдары мен рельстер Қазақстанда өндіріліп шығарылады.
Жеңіл рельсті көлік – жай ғана трамвай емес. Жоғары жылдамдықпен метро сияқты минуттық дәлдікпен жүреді. Арнайы кесте арқылы тұрғындар өз уақытын үнемдеуіне, жоспарлауына мүмкіндік туады. Заманауи вагондарда жолаушының жайлылығы мен қауіпсіздігіне баса назар қойылған. Тағы экологияға да зиянсыз, өйткені сымсыз қуатталады.
ҚУАТ БАЙЫР, «INTEGRA CONSTRUCTION KZ» ЖШС-НІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Суперконденсатор тіпті шексіз миллиондарды жасауға арналған технология. Оның тағы да артықшылығы – әр аялдамаға келгенде 30 секундта адамдар шығып отырғанша құрамға аялдаманың үстінде зарядталатын құрылғы болады, яғни құрам тез отыз секундта зарядталады.
Егер Астанадағы LRT құсап құрылысы тоқтап қалмаса, сағатына 30-35 шақырым жүріп, бір вагоны 300-ге жуық адамды тасымалдайды. Бұл нағыз таңғы және кешкі қарбаласта көптің жолын ашады деген сөз. Әзірге бірінші желі бойынша 34 аялдама қарастырылған.