Перейти к содержимому
· 118 просмотров

Ел жатарда балконнан ән айтуға болмайды

Ел жатарда балконнан айғайлап ән айтуға болмайды. Ескертуді қаперге алмағандар әкімшілік жазаға тартылады! Елорданың бас полицейі Ержан Сәденов қала тұрғындарына осындай ескерту жасады. Шендінің сөзінше, соңғы кезде астаналықтар кешкі уақыттағы тыныштықты жиі бұзатын болған. Қой десе де, түн жақындағанда қылтиманың әртістері ән айтып, флешмоб өткізуді әдетке айналдырған. Бұл тыныштық туралы жалпы тәртіпке қайшы ғой. Сондықтан азаматтар бұл бастамасын тоқтатып, ережеге бағынуы тиіс, деді Ержан Сәденов.

← Все новости