Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 14 просмотров

Балабақшаға тіркелу жеңілдеді

Елімізде балабақша кезегіне тұру тәртібі өзгерді. Бүлдіршіндерді тіркеу процесі айтарлықтай жеңілдетілді. Бұрынғыдай том-том қағаз арқалап, әр мекеменің есігін қағып, артынан өтініштің тексерілуін күтіп отырудың қажеті жоқ. Қазір бұл процестің басым бөлігі цифрлық жүйеге көшті. Енді веб-портал арқылы өтініш жіберсеңіз болғаны. Иә, болмаса жүйенің өзі ата-анаға хабарласып, келісімін алған соң баланы кезекке тіркей алады екен. Тағы бір айта кетерлігі, егер орын саны жеткілікті болса, бір үйдің балалары бір бөбекжайға бара алады.

← Все новости