Қазақстан мен Үндістан сауда-саттық көлемін арттыруды көздейді. Бүгін Астанада өткен стратегиялық диалог алаңында қос тарап бірқатар мәселені талқылады. Қазір екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 1 миллиард долларға жуықтаған. Енді бұл межені 3 есе көбейтуді жоспарлап отыр.
ДӘУРЕН ӘБЕН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі кезде Үндістанмен саяси қарым-қатынастарымыздың деңгейі өсіп келе жатыр. Өздеріңіз білесіздер, осыдан 2 апта бұрын Нью-Делиде БРИКС саммиті өтті. Және осы тұрғыдан алғанда, екі елдің қарым-қатынасының әлеуеті өте зор. Ең алдымен сауда-саттықты өсіру керекпіз.
Қазір елімізде Үндістаннан келген 300-ге жуық кәсіпкер табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың басым бөлігі фармацевтика саласында.
САЙЛАС ТАНГАЛ, ҮНДІСТАННЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:
Қазақстанда мұндай отырыстар мен бизнес-платформалардың жұмысы жүйелі түрде ұйымдастырылады. Атап айтсам, жақында Үндістаннан Қазақстанға 46 фармкомпания келіп, аталған іс-шараға 200-ге жуық отандық кәсіпкер қатысты. Сонымен қатар Шымкент қаласының әкімдігімен өнеркәсіп бағытындағы байланыстар нығаюда. Ал «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Бәйтерек» холдингімен маңызды сауда-саттық саласында екі елдің байланысын жиі талқылаймыз.