Маңғыстаудағы қайғылы оқиға халықтың басын біріктірді. Қара жамылған отбасы мүшелеріне қиын кезеңде демеу болуға асыққандардың қатары қалың. Бүгінде Маңғыстау облысы әкімдігіне хабарласып, өз жәрдемін ұсынып жатқан қайырымды жандар да жетерлік. Осыған байланысты процесті жүйелеп, көмек берудің бірыңғай әдісін қалыптастырып, алаяқтық деректердің алдын алу үшін арнайы шаралар қабылданып жатыр. Жергілікті билік «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі қоғамдық қорын жылу жинайтын бірыңғай оператор ретінде белгіледі. Жиналған қаржы тек опат болған жауынгерлердің отбасыларын қолдауға бағытталады. Ал қайғыдан қан жұтқан жандардың жақын-жуықтарына көмек қолын созамын деген жандар осы қорға аудара алады.
«Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі. БСН: 090140013447. Банк: «Alatau City Bank» АҚ. БСК: TSESKZKA. ЖСК: KZ03998PTB0000488655. Валюта: KZT.