Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 11 просмотров

815 млн теңге жиналды

Қаза тапқан әскери қызметшілердің жақын-жуықтарына көмек көрсету үшін жуырда ғана құрылған Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері 815 млн теңге жинады. Қайырымдылық шараға консультативтік органның 17 мүшесі өз үлесін қосты. Олардың арасында еліміздің түкпір-түкпірінен бизнес өкілдері бар. Мысалы, «Аллюр Груп» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев пен «Интегра» констракшн компаниясының басшысы Шахмұрат Мүтәліп 25 млн теңгеден бөлді. Сондай-ақ белгілі кәсіпкер Гаджи Гаджиев қара жамылған әскерилердің жақын-жуықтарына 100 млн теңге аударды. Сонымен қатар қосымша материалдық көмекті жинайтын бірыңғай оператор ретінде арнайы ұйым белгіленді.

← Все новости