Қазақстан мен Үндістан сауда-саттық көлемін арттыруды көздейді.
Астанада өткен стратегиялық диалог алаңында қос тарап бірқатар мәселені талқылады. Қазір екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 1 миллиард долларға жуықтаған. Енді бұл межені 3 есе көбейтуді жоспарлап отыр.
Дәурен Әбен, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:
Қазіргі кезде Үндістанмен саяси қарым-қатынасымыздың деңгейі өсіп келе жатыр. Өздеріңіз білесіздер, осыдан 2 апта бұрын Нью-Делиде БРИКС саммиті өтті. Осы тұрғыдан алғанда екі ел арасындағы қарым-қатынастың әлеуеті зор. Ең алдымен сауда-саттықты өсіру керек.
Қазіргі кезде елімізде Үндістаннан келген 300-ге жуық кәсіпкер табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың басым бөлігі фармацевтика саласында.
Сайлас Тангаль, Үндістанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі:
Қазақстанда мұндай отырыстар мен бизнес-платформалардың жұмысы жүйелі түрде ұйымдастырылады. Атап айтсам, жақында Үндістаннан Қазақстанға 46 фармкомпания келіп, аталған іс-шараға 200-ге жуық отандық кәсіпкер қатысты. Сонымен қатар Шымкент қаласының әкімдігімен өнеркәсіп бағытындағы байланыстар нығайып жатыр. Ал «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Бәйтерек» холдингімен маңызды сауда-саттық саласында екі елдің байланысын жиі талқылаймыз.
Үсен Астана