Елімізде соңғы үш жылда мыңға жуық ғалымға баспана берілген.
Олар әртүрлі бағдарлама мен бастамалар арқылы тегін және жеңілдетілген пәтерге ие болыпты. «Жас ғалым» гранты бойынша 23 миллиард теңге бөлінген. Бұл жоба зерттеушілердің кәсіби өсуіне, ғылыми мансабы мен зияткерлік әлеуетінің дамуына бағытталған инвестиция. Жоба ізденісте жүрген мамандарды осы салада ұстап қалып, барынша қолдауға, тұрмыстық мәселелерге алаңдамайтындай жағдай жасауға бағытталған. Сондықтан да жобаны қаржыландыру жыл сайын артып келеді.
Гүлназия Мейірханқызы