Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды! Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік наградамен марапатталды.
№29011 әскери бөлімі взводының командирі Олжас Мұхтарұлына Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» ордені берілді. Ал Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен опат болған 13 оғланымыз наградталды. Сондай-ақ әскери борышын өтеу кезінде аман қалған Бекет Қуандық, Ақжол Темірхан және Никита Удалов та назардан тыс қалмады. Үшеуіне «Ерлігі үшін» медалі табысталды.
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ІІ ДӘРЕЖЕЛІ «АЙБЫН» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Мұхтарұлы Олжас – 29011 әскери бөлімі взводының командирі.
РАХЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «АЙБЫН» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Аяпберген Сержан Талғатұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі; Бегей Дастан Нұрболұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы); Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі; Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы); Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі; Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі; Жаңабай Әсет Саматұлы – 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі); Көбенов Алмас Жүсіпұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы); Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі); Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы); Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі); Төлеген Ақылбек Қабденұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы); Тұрдыбекұлы Мирас – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы).
«ЕРЛІГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы); Темірхан Ақжол Тимурұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы); Удалов Никита Александрович – 29011 әскери бөлімінің маманы (санитариялық нұсқаушысы).