Перейти к содержимому
· 25 просмотров

Үш күнге Қытаймен шекара жабылады

Қазақстан мен Қытай арасындағы құрлықтағы қатынас уақытша тоқтайды.

Екі ел шекарасы үш күнге жабылып, қазанның 1-і мен 3-і аралығында автокөлік өткізетін пункттер жұмыс істемейді. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бұл шектеу көрші елдегі Қытай Халық Республикасының құрылған күніне байланысты енгізіліп отыр. Осы күндері шекара арқылы жеке тұлғалар да, жеңіл және жүк көліктері де өткізілмейді. Алайда теміржол қатынасы үзілмейді. Мамандардың айтуынша, екі ел арасында бизнес жасайтын кәсіпкерлер мен жолаушылар бағыттарын алдын ала жоспарлағаны жөн.

Ақбөпе Тәңірберген

← Все новости