Перейти к содержимому
· 20 просмотров

Шымкентте Президент тапсырмасының орындалу қарқыны қандай?

Шымкентте заманауи медициналық кешен бой көтереді.

Қаладағы нөмірі екінші көпбейінді аурухананың жаңа корпусының құрылысы басталды. 80 орынға шақталып салынатын нысанда заманауи қабылдау-диагностика орталығы орналасады. Мамандардың айтуынша, бұл емдеу мекемесі қала тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтереді. Мекемеде инсульт, инфаркт және жіті коронарлық синдромы бар науқастарға шұғыл әрі жоғары технологиялық көмек көрсетілетін болады.

Бұдан бөлек, қалада ұзындығы елу шақырым болатын жаңа айналма жолдың құрылысы басталды. «Алматы – Ташкент» бағытындағы транзиттік көліктер енді шаһарды айналып өтеді. Бұл көшелердегі кептелісті азайтып, машиналардың ағынын реттеуге мүмкіндік бермек.

Ғалымжан Кенжебек

← Все новости