Қазақстанда әйелдердің ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүретіні рас болып шықты.
Бұған «Азаматтарға арналған үкімет» ұсынған статистика дәлел. Биыл Шымкентте тұратын ең қарт кейуана 106 жасқа толған. Ал ер адамдар арасында ең егдесі — 104-те екен. Ол — соғыс ардагері, академик Зұлхарнай Сейітов. Ресми мәліметке сүйенсек, бүгінде Қазақстанда 2,4 миллион зейнеткер бар. Олардың 64 пайызы — әйелдер, қалғаны — ер адамдар. Ал жалпы елімізде ғасыр жасаған 44 қария бар екен.
Ақбөпе Тәңірберген