Перейти к содержимому
· 17 просмотров

Алматы тауларында шетелдік турист жоғалып кетті

Алматы тауларында жоғалып кеткен шетелдік турист үш күннен бері табылмай жатыр. Жасы жетпістен асқан саяхатшы 28 қыркүйекте топпен бірге «Шымбұлақ» аспалы жолы арқылы жоғары көтерілген. Кейін жорықты жалғыз жалғастыратынын айтып, қалып қойыпты. Алайда содан бері қонақүйге оралмаған. Қазір құтқару жұмыстары үш мың екі жүз метр биіктікте, яғни Талғар асуында жүріп жатыр. Іздеуге елуге жуық адам жұмылдырылды. Олардың қатарында төтенше жағдай қызметкерлері, кинологтар, полицейлер мен еріктілер бар. Сондай-ақ сегіз техника мен жеті дрон іске қосылған. Ал «Қазавиақұтқару» тікұшағы аумақты әуеден барлауда. Мамандар Талғар шатқалы, Богданович мұздығы мен іргелес асуларды мұқият тексеріп жатыр.

← Все новости