Перейти к содержимому
· 7 просмотров

Жылудың кешігуіне кім кінәлі?

Бүгін Бектеновтен сөз естіген шенеунік Семейдегі ахуалға қатысты пікір білдірді. Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышевтың сөзінше, аймақ жылыту маусымына толық дайын. Қажетті жұмыстар штаттық режимде жүргізіліп жатыр. 1 қазаннан бастап шаһарда әлеуметтік нысандар жылуға қосылса, қазір көпқабатты тұрғын үйлерге берілуде. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ. Ал желілеріндегі іркіліс мердігер компанияның жабдықтарды кешіктіруінен болды, — дейді Бапышев.

БЕКЖАН БАПЫШЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Үкімет басшысы Олжас Абайұлы Бектеновтің бүгін берген ескертпелері толығымен қабылданды. Бізде Семей қаласы бойынша өтпелі 5 жоба бар. Яғни екі жылдық. Сол бір жоба бойынша мердігер ұйым тарапынан олқылықтар болды, яғни құрылғылар уақытылы жеткізілмеді. Бүгінгі күні қондырғылар толығымен орнатылды. Біз жылыту маусымына толығымен кірдік.

← Все новости