Осы әріп танып, жазу білетіннің бәрі сауатын Ыбықтысайда сынап көргісі келетіндей болып көрінеді кейде. Әйтпесе табиғаттың әсем туындысына айналған шатқалды бүлдіруге адамның дәті қалай барады? Әлеуметтік желіде тағы бір видео тарады. Онда жартасты қашап тұрған ер адамды көруге болады. Не деп жазғысы келгені бізге беймәлім. Бірақ бұл әрекеті дүйім жұрттың шамына тиді. Көп ұзамай тәртіпсіздік жасаған вандалды полицейлер іздеп тауыпты. 34 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.