Перейти к содержимому
· 21 просмотр

Екі атақ қосылады

Елімізде мемлекеттік наградалардың қатарына тағы екі атақ қосылады. Бұл туралы Құрылтай отырысында депутат Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді. Оның бірі — «Шәмші Қалдаяқов» медалі. Ол ән өнері мен қазақтың музыкасын дамытуға үлес қосқан азаматтарға беріледі. Яғни тек эстрада немесе дәстүрлі әншілерден бөлек, композитор, дирижер мен туынды авторының еңбегі де бағаланбақ. Ал екіншісі — «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы. Бұл марапат бейнелеу өнерінде кәсіби шеберлігімен танылған қылқалам иелеріне арналған. Айта кетейік, бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынып отыр. Президент Құрылтайдың алғашқы сессиясында осы екі награданы ұсынған еді.

← Все новости