Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 11 просмотров

«Еуразия» арнасында жаңа шоу бағдарлама басталады

«Еуразия» бірінші арнасында жаңа бағдарлама! Енді сенбінің кешінде экран алдында әзілге күліп, ойын-сауыққа көңіліңіз жылып отыратын боласыз. Танымал тұлғалардың орынды қалжыңы мен музыкалық ойыны «Айхай шоу» жобасында. Жұлдызды жұптар мен есімі елге етене таныс жандардың ешкім естімеген құпиялары да айтылады.

«Айхай show» — әзіл-қалжың мен музыкалық ойындар арқылы көрерменге көңіл күй сыйлайтын бағдарлама. Бағдарламаның алғашқы қонақтары Олжас Абай мен Дәриға Бадықова болды. Олар актерлік шеберліктерін тағы бір көрсетіп, студия қонақтарын күлкіге қарық қылды. Студияға олар ән салып, би билеп, әңгіме жыланға келгенде Абайдың денесі тітіркеніп шыға келді.

ДӘРИҒА БАДЫҚОВА, АКТРИСА:

Жылан. Жыланның келгені десе де суық қой өзі. Кішкене адамның денесін тітіркендіреді. Сол маған неожиданный болды.

Бағдарламада үш бірдей жүргізуші бар. Қайрат Әділгерей, жұбайы Бақыт Тұрман мен Нұрболхан Шарапов. Әр шығарылымда олар қонақтарға күтпеген сауалдар қойып, қызықты ойындарға араласады.

НҰРБОЛХАН ШАРАПОВ, «АЙХАЙ SHOW» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Бір қонақтардың айтылмай қалған сырлары, айтылмай қалған іште қалып қойған әңгімелері бар, қызықты әңгімелері. Сосын ол кісілермен кейбір кісілер тұйық кісілер сол кісілерді барынша қызықты қылып ойнатуға тырысамыз.

Қонақтар тосын сұрақтардан бөлек түрлі ойындарға қатысып, тапқырлығымен де ерекшеленеді.

БЕРКУТ, ӘНШІ:

Осы сіздерге арнап шоу түсірейік деп жатырмыз деді. Соған келіңізші деді. А что будет мы не знаем. Загадка болып жатыр. Жұмбақ болып жатыр.

Жобаның басты ерекшелігі – әңгімені әзілмен, музыкалық тапсырмалармен және тосын интерактивтермен алмастырып отыру.

Қаншама ет жейді?

Бір бүркіт күніне жарты килограмм ет жейді.

Мен ет жемеймін. Тауық жеймін.

Әр шығарылым қонақтардың табиғатына мүлдем жат ерекше тапсырмамен аяқталады. Бағы мен бабы қатар шапқан адам жеңімпаз атанады. Ал жеңілген адам…

Жеңілген адамдар лимон жейміз.

«Айхай show» — танымал тұлғаларды жаңа қырынан танытатын, музыка, юмор және импровизацияны біріктірген ерекше бағдарлама. Әр сенбі сайын көрерменге позитив пен жақсы көңіл күй сыйлайтын туынды.

БАҚЫТ ТҰРМАН, «АЙХАЙ SHOW» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Жұлдызды жұптар, жұлдызды қонақтар, солармен әңгіме, сұхбат, ойын, жарыс. Міне осындай форматтағы жаңа шоу. Сондықтан көріңіздер әр сенбі сайын.

← Все новости