Перейти к содержимому
· 10 просмотров

Депутат денсаулық саласындағы олқылықты жайып салды

Дертіне шипа іздеген жұрт бар уақытын дәрігерге жазылып, кезек күтумен өткізеді. Медицина саласындағы мәселені бүгін Құрылтай депутаты Арман Жансеңгіров көтерді. Оның айтуынша, жыл басынан бері үш мыңға жуық шағым түскен. Өтініштердің көбі Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстары мен Астана тұрғындарынан. Депутат заңда ақ халаттыға жазылудың нақты шекті мерзімі көрсетілмегенін айтты. Сондықтан ауырып жүрген адам дәрігердің қабылдауына кіру үшін бір айға дейін күтуі мүмкін. Арман Жансеңгіров жауапты ведомствоға сауал жолдап, өңірлер бойынша нақты күту мерзімдерін белгілеуді және бейінді мамандардың қолжетімділігін арттыруды ұсынды.

АРМАН ЖАНСЕҢГІРОВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

«Үштен аспайтын» жолдама шектеуі қосарланған патологиясы бар пациенттердің қажеттіліктерін ескермейді. Маманның пациентті қайта қабылдауға жазу құқығы «ауыру жалғасуда» деген нәтижеге байланыстырылған. Бұл нәтижені формальды түрде қою қаупін туғызады. Диспансерлік есепте тұрғандар үшін бейінді дәрігерге тікелей жазылу тек мобильді қосымшалар арқылы қолжетімді. Бұл егде жастағы және ауыл тұрғындарының қабылдауға жазылуын қиындатады. Медициналық мекемелерде нақты күту мерзімі жарияланбайды.

← Все новости