Перейти к содержимому
· 17 просмотров

Президент: шахматты дамытуға басымдық беру керек

Бүгінде еліміз бойынша тұрақты түрде шахмат ойнайтындардың саны 278 мыңнан асқан. Бұл туралы Президент «Шахмат» федерациясының басшысымен кездесуде айтты. Сөз басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловты жаңа қызметімен құттықтады. Сондай-ақ Президент Самарқандта өткен олимпиадада күміс жүлде алған әйелдер құрамасының жетістігіне ерекше тоқталып өтті. Жүздесуде саланы одан әрі дамыту жолдары жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, ойыншылардың дайындығын күшейту, жас таланттарды іріктеу мен мектептерде зияткерлік ойынның осы түріне басымдық беру жайы айтылды. Сонымен қатар отандық бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру міндеті жүктелді.

← Все новости