Перейти к содержимому
· 17 просмотров

Астанада ортағасырлық суару жүйелерінің тарихына арналған көрме ашылды

Елордада «Отырар–Түркістан: ортағасырлық ирригация және егіншілік мәдениеті» атты республикалық бірлескен көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге қойылған жәдігерлер Түркістан және Тараз қалаларының мұражайларынан жеткізілді. Арасында археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған қыш құбырлар, ескі кәріз жүйесінің сынықтары бар. Келушілерге Отырар алқабындағы көне ирригациялық жүйелердің қалыптасуы мен дамуы, арықтардың қызметі жайында танымдық ақпарат берілді.

Мамандар XV ғасырда-ақ қазақ жері Орта Азиядағы су тарату жүйесін қалыптастырған белді мемлекет болғанын алға тартады. Астанадан басталған көшпелі экспозиция еліміздің барлық қаласын араламақ.

Мұрат Тастанбеков, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы директорының орынбасары:

Көрме бір ай бойы жұмыс істейді. Түпнұсқа жәдігерлермен бірге анықтамалық, көрнекі суреттер де әкелінген. Кәріз жүйесінің сызбалары, оны қолдану тәсілдері, Түркістан–Отырар өңіріндегі өзендер мен арық сулары туралы ақпаратты көрнекі құралдар арқылы келушілердің назарына ұсындық.

Гүлмира Тасболатқызы

← Все новости