Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Сәлем – сөздің анасы

Сәлем – сөздің анасы. Еліміздің мектептерінде оқушыларды амандасуға үйрету үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Құрылтай депутаты Ерлан Сайыровтың сауалына жазбаша жауап жолдаған ол бұл іспен Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы айналысатынын жеткізді. Қазір білім алушылардың амандасу әдебіне байланысты әдістемелік ұсынымдар әзірленіп жатыр екен. Бірақ ол талаптар нақты қашан дайын болатыны және мектептерде міндетті бола ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.

← Все новости