Перейти к содержимому
· 11 просмотров

Үш өңірде сапасыз бензин анықталды

Еліміздің үш өңірінде сапасыз бензин анықталды. Соңғы кездері сын тезіне ұшыраған жанар-жағармайға қатысты депутаттардың сауалына Олжас Бектенов жауап берді. Үкімет басшысының айтуынша, жыл басынан бері Сауда және интеграция министрлігі жанармай бекеттеріне бақылауды күшейткен. Жоспардан тыс тексерулер кезінде 78 бензин сынамасы алыныпты. Ал осы зерттеудің нәтижесінде 3 бірдей станциядағы бензиннің сапасы белгіленген талаптарға сай келмейтіні белгілі болған. Мұндай жағдай Алматы қаласында, сондай-ақ Қызылорда мен Жетісу облыстарында тіркеліпті. Жауаптылар көліктерді сапасыз отынмен суарғандарға тиісті жаза қолданған.

← Все новости