Перейти к содержимому
· 14 просмотров

Такси жүргізушілері мен курьерлердің еңбек құқығы талқыланды

Такси жүргізушілері мен курьерлердің еңбек құқығы қорғалуы тиіс.

Бүгінде олардың тек міндеттемелері ғана бар. Бұл — Қазақстан Халық партиясының бастамасы. Құрылтайдан орын бұйырмаған саяси ұйым өзінің бұған дейін бекітілген сайлауалды бағдарламасын соңына дейін жеткізуді көздеп отыр.

Бүгінде елімізде шамамен 600 мыңға жуық азамат интернет-платформалары арқылы екі қолға бір күрек тауып, отбасын асырап келеді. Бірақ мамандардың еңбек құқығы тиісті деңгейде қорғалмай жатыр екен. Десе де, такси жүргізушілері ұдайы салық та төлеп жүр. Партия өкілдері барлық жауапты органдардың басын қосып, қоғамды толғандырған мәселені жан-жақты талқылауға кірісті. Егер қолдау тапса, саяси ұйым мүшелері Құрылтай мінберінде отырған әріптестерімен бірлесіп, арнайы заң жобасының қабылдануына қолғабыс етпек.

Ислам Сұңқар, Қазақстан Халық партиясының мүшесі:

Біз арнайы қор құруды жоспарлап отырмыз. Яғни әрбір түскен табыстан комиссияның 0,5 пайызы арнайы қорға жиналады. Кейін жас студент болсын, басқа бір жұмыссыз жүрген, мамандығы жоқ азаматтар жұмыс істеп, 2–3 жыл ішінде сол қорда қаражат тиісті деңгейде жиналса, онда ол азамат осы қордың қаржысын пайдаланып, оқуға түсе алады. Осындай әлеуметтік лифтілерді де қарастырып отырмыз.

Қайыркен Отыншы

← Все новости