Перейти к содержимому
· 20 просмотров

Абайлаңыз, алаяқ!

Түркістан облысында 59 жастағы әйел алаяқтарға 5 миллион теңге аудара жаздады.

Полиция қызметкері банк терминалының алдында күмәнді операция жасап жатқан тұрғынды байқап, дер кезінде тоқтатқан. Сөйтсе, келіншекке алаяқтар телефон соғып, туыстарына сыйлық келді деген. Артынша әбден сеніміне кіріп, жіберілген кодты сұрап алған. Сол арқылы тұрғынның атына бес миллион теңге несие рәсімдеп үлгеріпті.

Тұрғын:

Қазпоштаданмын деп қоңырау шалды. «Сізге сәлемдеме келді», — деді. Алданбаңдар: несие, пошта не курьер десе, ешқандай сенуге болмайды екен.

Гүлнәзия Мейірханқызы

← Все новости