Перейти к содержимому
· 22 просмотра

Ата-аналар науқас балаларына қажет дәрі-дәрмекті таппай отыр

Елімізде дәрі-дәрмек тапшылығы тағы туындады. Бұл жолы «муковисцидоз» дертіне шалдыққан науқастарға қиын болып тұр. Үкіметтен тегін үлестірілетін препарат дәріханалардан табылмай жатыр. Тіпті, былтырғыны есептемегенде, биылдың өзінде 4 айдың дәрі-дәрмегі қолданылмай, мерзімінен өтіп кеткен. Соның кесірінен, кейбір науқастың денсаулығы күрт нашарлап барады дейді біздің арнаға шағымданған ата-ана. Ал, салаға жауапты мамандардың жауабы қандай дейсіз ғой? Сол баяғы қағазбастылық. Мемлекеттік сатып алу байқауының жеңімпазын анықтай алмай жүрміз дейді.

← Все новости