Перейти к содержимому
· 19 просмотров

Қабырғасы сөгілген апатты үйде тұрып жатыр

Алматы облысына қарасты Текелі қаласында елуден аса отбасы үреймен жатып, қорқынышпен оянады. Өйткені олар жер сілкінсе, үйіндінің астында қалуы мүмкін. Үйлері апатты деп танылғанына біраз уақыт болса да, әлі сонда тұрып жатыр. Жылына екі-үш нысаннан ғана сүріліп жатқанын ескерсек, кейбір тұрғындардың кезегі қашан келері белгісіз. Өйткені, кенді шаһарда тұруға жарамсыз әлі 20 шақты баспана бар екен. Моноқалаға аймақтағы тілшіміз барып қайтты.

← Все новости