Атажұртқа қоныс аударған этникалық қазақтар енді «оралман» деп аталмайды. Оларға мағынасы терең «қандас» деген статус беріледі. Бүгін сенат қабырғасында атамекенге көшіп келген азаматтардың мәртебесі жөнінде сөз болды. Сондай-ақ, жыр болған жәрдемақы айналасында да біраз заң жобалары талқыланды. Айта кетсек, енді 10 баладан көп отбасының әр перзентіне қосымша қаржы төленбек.