Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Астанада алаяқтар ұсталды

Астанада жүргізуші куәлігін заңсыз саудалаған ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Елорда прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен бірлесіп, ірі алаяқтық схемасын әшкерелеген тергеу ісін аяқтады. Қылмыстық топтың құрамында Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары мен сырттан көмектесетін делдалдар болған. Олардың іс-әрекеті нақты рөлдерге бөлініпті. Яғни, делдалдар емтихан тапсырушыларға ғимарат сыртында тұрып теориялық сұрақтардың жауабын айтса, орталық қызметкерлері базаға «практикадан өтті» деген жалған ақпарат енгізіп отырған. Құзырлы органдардың мәліметінше, осы жымысқы схеманың көмегімен өткен жылдың өзінде 74 адам көлік басқару құқығына заңсыз ие болған.

← Все новости