Перейти к содержимому
· 200 просмотров

Көне қорымдарды тонаушылар көбейген

Елімізде тарихи мұраны тонаушылар көбейді. Көне қорымдар жаппай жермен-жексен болды деп отандық археологтар дабыл қағып жатыр. Соңғы дерек, осыдан бірер күн бұрын ғана тіркеліпті. Желіде Ертістің жағасында орналасқан көне қалашықтың орнын ақтарып, рұқсат алмастан қазба жұмыстарын бастаған жастардың видеосы тарады. Олар кімдер? Құзырлы органдар қайда қарап отыр?

← Все новости