Перейти к содержимому
· 13 просмотров

Сотқа жүгінгендер көбейді

Елімізде жер мен баспанаға қатысты дау көбейген. Сондай-ақ қарызын өтей алмай, банкроттыққа байланысты сотқа жүгінгендер де артқан. Соның салдарынан биыл тоғыз айда қаралған азаматтық істердің саны 28 пайызға өсіп, 605 мыңнан асыпты. Бұл туралы Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Президентке баяндады. Дегенмен даулардың жартысына жуығы медиациямен және басқа да балама жолдармен реттеліпті. Осы уақыт аралығында 24 мыңнан астам қылмыстық іс қаралған. Жүйелі жұмыстың арқасында халықтың сот жүйесіне деген сенімі 69,7 пайызға өскен. Мемлекет басшысы әр істің әділ қаралуы маңызды екенін атап өтіп, сот жүйесін жаңғыртып, сот төрелігінің сапасын жақсарту жөнінде тапсырма берді.

← Все новости