Перейти к содержимому
· 10 просмотров

Қуат қуған жігіттің өмірі қыл үстінде қалды

Ұзақ жолда қалғып кетпеудің қамымен таксистер энергетикалық сусынның небірін ішеді. Түнгі ауысымда көз ілмейтін жұмысшылардың да әдеті осы. Алайда бойға қуат, көзге сергектік сыйлайтын өнімнің қауіпті жағы да бар. Алматыда күніне үш-төрт құты энергетик ішкен жігіттің өмірі қыл үстінде қалды. Іші қатты ауырып, мазасы болмаған соң дәрігерге қаралыпты. Тексеру кезінде асқазанының тесіліп, іш қуысының қабынғаны анықталған. Хирургтер шұғыл операция жасап, оны бір ажалдан арашалап қалды. Дегенмен ақ халаттылар тепсе темір үзетін жігіттің осындай күйге түсуіне дәл осы сусын себеп болды деп кесіп айтпайды. Бірақ оны шамадан тыс тұтыну асқазан-ішек жолдарына кері әсер ететінін ескертеді.

Үсен Астана

← Все новости