Перейти к содержимому
· 7 просмотров

60 жыл жөндеу көрмеген мектеп

Едені көтеріліп, кәріз жүйесі бітеліп, терезесінен ызғар жел ұрған мектеп. Бұл – ойдан шығарылған сюжет емес, Павлодардың іргесінде орналасқан ауыл мектебіндегі мыңға жуық баланың көрген күні. Жаңа су құбырына миллиардтаған қаржы жұмсалғанымен, білім ошағы әлі күнге дейін ішер суын сатып алып отыр. 60 жыл бойы жөндеу көрмеген нысанға бөлінген қаржы қайда? Әріптесім ізіне түсті.

— Это состояние туалета, здесь вот дети до четвёртого класса учатся.

— Кәріз жүйесі бітеліп, едені көтеріліп, жиһаздары қирап, есік-терезесі шытынап жатқан бұл оқу ордасында 1000-ға жуық бала білім алады.

— Келісемін, ғимарат өте ескі. 62 жылы салынған, 66 жылы мектеп болып берілген бұл ғимарат.

Салынғанына 60 жыл болған нысан осы уақытқа дейін жөнді жөндеу көрмеген. Оқушылар ескі партада білім алып, күз бен көктемде терезенің тесігін желімтаспамен бітеп әуре. Өйтпесе тағы болмайды. Жақтаудан соққан желден қатып үсесің. Мектеп өкілдері жөндеу жұмыстарын жүргізуге екі рет ұмтылып, өтінім берген. Әуелде кем дегенде терезелер мен электр сымдарын ауыстыруды көздегенімен, қаржы бөлінбепті. Екінші ретте құны бір миллиард теңгеге жуықтайтын күрделі жөндеудің жобалық құжаттамасын ұсыныпты.

ҚОЖАКЕЛДІ МӘУЛЕНҚҰЛОВ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Проектный документация жалпы сомасы 1 миллиардтың үстінде болды негізі. Нақты есімде жоқ қазір. Құжаттарда тұр ол. Басында 800 миллионға жасаттық, жұмыстарды қосу арқылы тағы 1 миллиардқа шыққан болатын.

Мектептегі мәселенің тағы бірі мынада. Жалпы білім ордасы орналасқан Павлодар ауылы осыдан 3 жыл бұрын өздеріне 1 миллиард 800 миллион теңге жұмсап су құбырын жүргізген. Алайда балалар білім алатын мына нысан ішер ауыз суын сатып алады екен.

АМАНБЕК ҰНАТ, ПАВЛОДАР АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қазіргі таңда Павлодар ауылында…

Балалар білім аламыз деп қатып қалса, қараша халық кімге барып енді мұңын шағады? Қыс ауасы жақындаған сайын мектептің жай-күйіне қатысты мәселенің тез шешілуін ата-аналар қалап отыр. Ал мынадай жағдайына қарамастан, бұл білім ордасы бірнеше рет ауданның үздіктерінің қатарынан табылып жүр.

← Все новости