Перейти к содержимому
· 10 просмотров

Ертіске Сібір бекіресінің 22 мың шабағы жіберілді

Ертіс өзеніне Сібір бекіресінің 22 мың шабағы жіберілді.

Олар Шығыс Қазақстандағы арнайы шаруашылықта өсірілген. Кішкентай балықтардың салмағы 20-дан 150 грамға дейін жетеді. Мұндағы басты мақсат — «Қызыл кітапқа» енген балықтың осы түрін көбейту.

Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, суға жіберілген шабақтардың 40–50 пайызы жерсініп кетеді. Айта кетейік, балықтың осы түрін заңсыз аулағандарға 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынады.

Тілеубек Қоңырғазин, Семей қалалық балық инспекциясы бөлімінің бас маманы: «Тиіспеңіздер. Өзіміздің жер үшін, Семей үшін, Абай өңірі үшін, жалпы қазақ елі үшін қаншама қаражат жұмсап өсірдік. Сондықтан еліміз бен жеріміз көркейеді. Семейде осындай балық бар екенін кеудемізді керіп айта аламыз. Осы балықтар өсіп-өркендесін, тиіспеңіздер».

Жанар Арғын

← Все новости