Перейти к содержимому

Астанаға Ақмоладан 1000 тонна өнім жеткізілді

Сауда жасауға келгендер концерт көріп, мәре-сәре болды. Елордадағы «Қазанат» ипподромында өңірлердің осы маусымдағы соңғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкелер маусымын Ақмола облысы қорытындылап, Астанаға 1000 тонна өнім жеткізді. Келушілер ет, сүт, балық және өзге де азық-түлікті нарықтағы орташа бағадан 10–15%-ға арзан алды. Астаналықтар тек сауда жасап қана қоймай, концерт, ұлттық ойынды тамашалады. Оған қоса, өңірден келген еріктілер жүгі ауыр қариялардың сөмкесін тасуға көмектесіп, ата-әжелердің батасын алды.

МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бүгін бір 15 пайызға төмен нарық бағасынан өнімдерді әкеліп отырмыз. Бұл – ең сапалы, ең сүйікті өнім. Өйткені мынау біз қазіргі таңда үлкен біз сүт тауарлық фермаларымыз осы Астананың 50 пайызын сүтпен қамтиды. Және танымалы сенімді біздің Астананың тұрғындарына.

Үсен Астана

← Все новости