Перейти к содержимому
· 20 просмотров

Құдықтарға датчик қою керек

Қақпақсыз құдықтар қарашаға қауіп төндіріп тұр. Құрылтай депутаты Нұрсадық Ергешбек алып шаһардағы ашық люктердің мәселесін айтып ашынды. Оған себеп те жоқ емес. Жыл басынан бері 276 шахтаның аңырап жатқаны анықталыпты. «Салдарынан 7 бала орға құлап, опық жей жаздадық», – дейді халық қалаулысы. Ол люктерді тормен, датчиктермен жабдықтау арқылы арнайы санатқа бөлуді ұсынып, «Қауіпсіз құдық» науқанын ұйымдастыру бастамасын көтерді.

НҰРСАДЫҚ ЕРГЕШБЕК, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұл ретте елде әлі күнге дейін барлық инженерлік құдықтың бірыңғай цифрлық есебі жоқ. Сондықтан оларға кімнің жауапты екенін де анықтау қиын. Қолданыстағы абаттандырудың үлгілік қағидалары бойынша қауіпті аймақты бір сағат ішінде қоршауды және қақпақты бес сағатқа дейінгі мерзімде ауыстыруды көздейді. Дегенмен нақты есеп беру, қауіпті жедел анықтау және орындау болмаса, стандартты мерзімдердің өзі жеткіліксіз.

Депутат тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндірген бұл мәселе шұғыл әрі жүйелі шешуді сұрап, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа депутаттық сауал жолдады.

← Все новости