Құрылтай депутаттары Қарағанды облысының тұрғындарына Президент жолдауының басым бағыттарын түсіндірді. Әсіресе жаңа өндіріс орындарын іске қосу, инвестиция тарту, экономика мен ауыл шаруашылығын цифрландыру, елді мекендерді абаттандыру сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Ауыл-аймақтағы кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдету жайында талқылапты.
АЙСҰЛУ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Бұл мәселе цифрлық экономиканы құру деп айтып жатқаным, ол мәселе тереңірек: ауылдағы кәсіпкерге интернет алаңы арқылы басқа өңірлерге сату. Ол үшін тек интернет қажет емес, ол үшін төлем жүйелері қажет, жеткізу қызметтерін жасау керек. Соның барлығы қолжетімді болу керек. Осы мәселелерді көтеріп түсіндіріп жатырмыз.
Сонымен қатар Құрылтай депутаттары Теміртау мен Саран қалаларындағы кәсіпорындарды аралады. Зауыт жұмысшыларының алаңсыз еңбек етуіне кедергі келтіретін проблемаларын тыңдап, шешу жолдарын түсіндірді. Әсіресе екі қолға бір күрек таппай жүрген моноқалалардағы жас мамандарға жаңа жұмыс орындары ашылады деп үміт сыйлады.
САЯН ҚУАНЫШБЕКОВ, ДӨҢГЕЛЕК ШЫҒАРУ ЗАУЫТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Ең маңыздысы – бізге жұмыс орындарын көбейту ең маңызды саналады. Өйткені осындай кішкентай Саран сияқты моноқалаларда кезінде жұмыс жағынан тапшылық болған. Президенттің Жолдауы арқасында Ырти аумағында көптеген зауыттар ашылып, именно Тенгри Таус зауытында 900 жұмыс орны ашылды. Осы арқылы жұмыстардың арқасында біз өзіміздің отбасымызды қамтамасыз етеміз.