Перейти к содержимому
· 2 просмотра

Қызылордада ұшақ құстарға соғылды

Қызылордадан Астанаға шыққалы жатқан ұшақ құстарға соғылды. Әуе кемесін ұшырмай тастайтын Сыр елінің қанаттыларының кесірінен әуежайда қарбалас болған. Жауапты компания рейстердің кідірісін реттеп, ұшу кестесін тезірек қалпына келтіру бойынша тиісті жұмыстардың жүріп жатқанын хабарлады. Ал жолаушыларға нақты ақпаратты тасымалдаушының ресми сайтынан қарап отыру керектігі айтылды.

VIETJETQAZAQSTAN ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ РЕСМИ ХАБАРЛАМАСЫНАН:

Оқиғаның салдарынан әуе кемесіне қосымша техникалық тексерулер жүргізу қажеттілігі туындады. Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі авиакомпания үшін сөзсіз басымдық болып табылады. Барлық қажетті техникалық іс-шаралар авиациялық қауіпсіздік және әуе кемелерін техникалық пайдалану талаптарына сәйкес жүргізілуде.

← Все новости