Перейти к содержимому
· 14 просмотров

Түркістанның медициналық әлеуеті артады

Түркістан қаласында 570 төсек-орынға арналған көпбейінді аурухананың құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде басым бөлігі аяқталған. 15 гектардан астам аумақты алып жатқан емдеу мекемесінің құрылысына 300-ден астам адам жұмылған. Нысанды биыл аяқтау жоспарда тұр. Ал келесі жылы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіледі. Жаңа аурухана іске қосылғанда тұрғындар күрделі медициналық қызметтер үшін алысқа сандалмайды, өз өңірінде ем-дом алады. Бұл дәрігерлік көмектің қолжетімділігін арттырып, диагностика мен емдеу сапасын жақсартуға үлкен үлес қосады.

← Все новости