Перейти к содержимому
· 14 просмотров

Арқа төріндегі Ақаба саммиті

Жасанды интеллектінің мүмкіндігі кеңейген сайын, оның қауіпсіздігі мәселесі де күн тәртібіне шықты. Астанада өтіп жатқан Ақаба процесінің саммитіне мемлекет басшылары мен ресми тұлғалар осы тақырыпты талқылау үшін бас қосты. Жиынға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері қатысып жатыр. Сондай-ақ Әзербайжан Ұлттық жиналысының спикері Сахиба Гафарова, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев пен өзге де ресми тұлғалар бар. Ақаба процесінің негізін 2015 жылы Иордания Королі ІІ Абдалла қалаған. Терроризм мен экстремизмге қарсы күресті үйлестіруге арналған бұл халықаралық бастама әр елдің өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстырады. Алаңда қауіп-қатерлерге қатысты ортақ түсінік қалыптастыру және бірлескен іс-қимылды пысықтау көзделген.

← Все новости