Перейти к содержимому
· 12 просмотров

«Қазақ еліне +1 миллиардер!»

«Қазақ еліне плюс бір миллиардер!» Ресейден шыққан ауқатты кәсіпкер Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды. Оған көк паспортты жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев табыстады. Бұл туралы ведомство басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Айта кетейік, Алекс Машрабов – жасанды интеллект саласында жұмыс істейтін Higgsfield жобасының негізін қалаушылардың бірі. Ол бұл стартапты отандық маман Ерзат Дулатпен бірге іске қосқан. Платформа нейрожелі арқылы бейне мен сурет жасауға мүмкіндік береді. Қазір оның өнімдеріне әлемнің түкпір-түкпірінен қызығушылық жоғары.

← Все новости