Перейти к содержимому
· 15 просмотров

Мешітке қонды

Жолда қалған шетелдіктер Ақтөбенің мешітіне қонды. Олардың бәрі — Тәжікстанның азаматтары. 15 адам Ресейге бара жатқан беті екен. Арасында балалар да бар. Ақтөбе мен Қызылорда облысының шекарасына келгенде олардың автобустары бұзылып, тұрып қалыпты. Мұны көрген патрульдік полицейлер мән-жайды сұрастырып, бәрін Ырғыз ауылына кіреберістегі мешітке орналастырған. Ас-суын беріп, дәрігердің көмегін ұсынған. Алайда шетелдік қонақтар денсаулыққа қатысты шағымдарының жоқ екенін айтыпты.

← Все новости