Перейти к содержимому
· 10 просмотров

«Әл-Фараби» орталығының филиалы Қытайда ашылады

«Әл-Фараби» орталығының филиалы Қытайдағы Чженчжоу университетінде ашылады. Онда ғылыми басылымдар дайындалып, екі елдің мамандары бірлесіп аудармалар әзірлемек. Әл-Фараби 80-нен астам еңбек жазған. Алайда олардың көпшілігі әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Сондықтан әлемнің түкпір-түкпіріндегі түрлі ғылым саласының ғалымдары мен академиялық қауымдастық өкілдері бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Ондағы мақсат – әл-Фарабидің еңбектерін тереңірек зерттеп, оның идеяларының бүгінгі заманға және болашаққа қаншалықты маңызды екенін зерделеу.

БЕКЖАН МЕЙІРБАЕВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-НІҢ ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

Ол тек қана қазақ елінің немесе түрік әлемінің не ислам ілімінің мұрасы емес, бұл бүкіл адамзаттық өркениеттің қалыптасуына әсер еткен идеялар, концепциялар. Сондықтан, әрине, себепкер болып отырған әл-Фарабидің мұрасы, бірақ прагматикалық тұрғыдан алған кезде қай келісім болмасын халықаралық қатынастарды нығайтуға, академиялық ұтқырлықты ұлғайтуға бірден-бір әсер етеді.

Жалпы Қазақ ұлттық университеті үш бірдей елмен келісімшартқа отырды. Соның бірі – Малайзия халықаралық ислам университеті. Ынтымақтастықты дамыту бірқатар негізгі бағыттарды қамтиды. Атап айтқанда, оқытушылардың іссапары мен студенттер үшін қысқа мерзімді бағдарламаларды ұйымдастыру көзделген. Келісім аясында қос оқу орнының ғалымдарының күші біріктіріліп, зерттеушілердің ғылыми жобаларына қаржы бөлінеді екен.

ОСМАН БАКАР, МАЛАЙЗИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИСЛАМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

Осындай маңызды симпозиумды ұйымдастырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне алғысымды білдіргім келеді. Бүгінгі басқосуды зор ықыласпен қолдаймын. Бұл құжат екі университеттің, әсіресе ғылыми-зерттеу бағытындағы әріптестігін нығайтады деп сенемін. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде көптеген тың жаңалықтар ашылады деп ойлаймын.

← Все новости