Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

Тасжолдардан тыныштық кетті

Өткен демалыс күндері еліміздің тасжолдарында бірнеше жол апаты болды. Ақмола облысындағы трассада жүк көлігі мен екі жеңіл машина соқтығысып, 6 адам жараланды. Оның ішінде 4 күн бұрын дүниеге келген нәресте бар. Сәби жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер жағдайы ауыр дейді. Қазіргі таңда полицейлер апатқа қайсы жүргізушінің кінәлі екенін анықтап жатыр.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ:

Жол апатынан 6 адам жараланды. Оның ішінде 2 бала бар. Екеуі де облыстық балалар ауруханасында жатыр. Туғанына төрт күн болған сәбидің жансақтау бөлімінде өкпесіне жасанды желдету аппараты қосылды. Жағдайы ауыр. Екінші бала түрлі жарақат алған. Сонымен бірге, облыстық ауруханаға екі ересек адам түсті. Бірі жансақтау бөлімінде жатыр, оның жарақаты ауыр, денесі көгеріп, сүйектері сынған. Екінші науқас травматология бөлімінде ем алып жатыр. Тағы бір пациентке амбулаториялық ем тағайындалды. Ал бір адам ауруханаға жатудан бас тартты.

Сондай-ақ, тағы бір қайғылы жағдай Атырау облысында болды. Екі көлік қатты соқтығысып, бір жүргізуші оқиға орнында тіл тартпай кетті. Темір тұлпарлардың бірі сол мезетте лапылдап жанып, дымы қалмапты.

ДИНА МАКСОТОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізушілерді жол-көлік қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты белгіленген шектен асырмауға, қауіпсіз арақашықтық сақтауға, жол жағдайын ескеруге шақырамыз.

← Все новости